Қызылорда қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 1 қаулысы

«Қызылорда қаласы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралар туралы» Қызылорда қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 1 қаулысы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Постановление Главного государственного санитарного врача города Кызылорда № 1 «Об ограничительных, в том числе карантинных мерах по городу Кызылорда» от 27 июля 2021 года

1. Қызылорда қаласы әкімдігіне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, меншік иесіне қарамастан барлық объект басшыларына, құқық қорғау мен арнайы органдарға:

Қызметі ТОҚТАТА ТҰРСЫН:

1) «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, қалааралық, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдары;

2) жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттракциондар қызметтері;

3) қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде күндізгі болу бөлімшелері, әлеуметтік оңалту орталықтарының қызметі;

«Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан демалыс (сенбі, жексенбі) күндерінде қызметіне ТЫЙЫМ САЛЫНСЫН:

4) қоғамдық жолаушы тасымалдаушы қызметіне;

5) СОО, сауда үйлері, сауда желілерінің;

6) спорттық объектілердің (спорткешендері, спортмектептері, спортклубтары, жаттығу залдары);

7) қоғамдық тамақтану объектілері, фурдкордтардың (тамақты жеткізу бойынша рұқсат етіледі);

8) фитнесс-орталықтары, фитнесс-клубтары, йога-орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, сауна, монша, СПА-орталықтары, бассейндердің;

9) кинотеатрлар, театрлар, концентр залдары, филармониялар, цирктердің;

10) алаңы 500 ш.м. дейін азық-түлік емес дүкендер мен жабық базарлардың;

11) компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярд клубтары, караоке, түнгі клубтарының;

12) балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары мен үйірмелері, балалардың түзету кабинеттері, балаларға арналған көңіл көтеру орталықтарының;

13) банктер, ХҚКО, Казпочта бөлімшелерінің;

14) діни объектілердің;

15) мәдени және демалыс парктерінің;

Аптаның жұмыс күндері қызметі ШЕКТЕЛСІН:

16) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (үй-жайда орналасқан) мейрамханалар, дәмханалар, кофехана типі бойынша толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін;

17) фитнес-орталықтары, фитнес-клубтары, йога-орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, сауна, монша, СПА-орталықтары, бассейндер бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін;

18) кинотеатрлар бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін;

19) балаларға арналған көңіл көтеру орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайдағы аттракциондар) бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20:00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін;

20) СОО, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмыс уақыты 20:00-ге дейін;

21) жабық базарлар жұмыс уақыты 20:00-ге дейін;

22) мәдени және демалыс парктерінің жұмыс уақыты 22:00-ге дейін;

23) барлық мекеме қызметкерлерінің 80%-ын алыстан жұмыс жасау форматына ауыстыру (вакциналанған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда).

2. Қызылорда қаласы әкімдігіне:

1) мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді;

2) кемшіліктер анықталған және (немесе) COVID-19 коронавирустық инфекциясының туындау не таралу қауіпі жағдайларында қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ақпарат (шұғыл хабарлама) берілуін қамтамасыз етуді.

3. Қызылорда қаласы әкімдігі, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, меншік иесіне қарамастан барлық мекеме басшыларына, құқық қорғау мен арнайы органдарға:

1) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т.б. өткізуді азайтуды;

2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жеке қабылдауға тыйым салуды.

4. Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде киюді, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауға міндетті.

5. Осы Қаулыда реттелмеген сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулылары басшылыққа алынады.

6. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы Қаулы 2021 жылдың 28 шілде 00:00 сағаттан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

Қызылорда қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                                                                    Е. Узакбаев 

 

№1 каз

 

Қаулыны мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

.

Оцените статью
Qyzylorda.kz
Добавить комментарий

Verification: 839da0ea7fc8cca1