Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.01.2022 жылғы №1 қаулысы толықтырулармен (№ 2)

Қызылорда қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

«Қызылорда облысы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы» Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 1 қаулысы  

(Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 2 қаулысындағы өзгерістер мен толықтырулар ескерілген, сары түспен белгіленген)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 1 тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 2-тармағына және 7 тармағының 8) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына  сәйкес Қызылорда облысы халқы арасында COVID-19  коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Постановление Главного государственного санитарного врача Кызылординской области “Об ограничительных, в том числе карантинных мерах по Кызылординской области” № 1 от 14 января 2022 года с изменениями и дополнениями (№ 2)

1. Барлық деңгейдегі әкімдіктерге, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «КТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы филиалының «ГП Қызылордалық бөлімшесіне», құқық қорғау мен арнайы органдарға, меншік нысанына қарамастан объектілер басшыларына, жеке және заңды тұлғаларға:
тыйым салынсын:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің 110-бабының 5-тармағына сәйкес кальянды пайдалануға;

2) ойын-сауық, көрермендермен спорттық іс-шараларды, мерекелік корпоративтерді, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және адамдар көп жиналатын өзге де ашық ауада, үй ішінде де іс-шараларды, отбасылық еске алу, салтанатты, оның ішінде үйдегі іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу өткізуді қоспағанда;

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан:

3) концерт залдарының, театрлар, кинотеатрлар, филармониялардың жұмысына;

Ескерту. «Кинотеатрлар» сөзі Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 2 қаулысымен алынып тасталды (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

4) діни бірлестіктер объектілері мен аумақтарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге;

5) конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды өткізуге (көзбе-көз режимде кеңестерді (отырыстарды) қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайды қоспағанда);

6) түнгі клубтарының жұмысына;

7) қоғамдық тамақтану объектілерінде бар үстелдерінде қызмет көрсетуге, ән айту және би билеу қызметін көрсететін караоке жұмысына (қоғамдық тамақтану қызметін қоспағанда);

8) жеке кездесулерді өткізуге (егілген 10 адамға дейінгі жағдайларды қоспағанда).

Қазақстан Республикасының және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулы талаптарына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жалғастырылсын:

9) қосымша білім беру ұйымдарында — жеке сабақтар дәстүрлі форматта, 10 адамға дейінгі — топтық сабақтар, балалар мен ересектердің түзету кабинеттерінде — жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейінгі — дәстүрлі форматта оқытылсын;

Ескерту. Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 2 қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

10) медициналық ұйымдардың, қарттар, балалар және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілердің (күндізгі стационарларды қоспағанда), сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, әлеуметтік оңалту орталықтардың, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарының қызметіне.

Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі;

11) алдын ала жазылу бойынша сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындардың қызметіне;

12) жексенбіден басқа жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес) жұмысына;

13) 80%-дан асырмай толтырғанда халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақүйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) жұмысына;

14) алдын ала жазылу бойынша медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология жұмысына;

15) қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтырумен);

16) ұйымдар, кеңселер жұмысына (70 %— қашықтықтан, 20%— күндізгі режимде, қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі);

17) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9-дан 20-ға дейін мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің және банкет залдары жұмысына мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша келушілерге қызмет көрсетуге (бір үстелде 4 адамнан асырмай отырғызуын сақтай отырып). Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне 2022 жылдың 20 қаңтарынан бастап 24.00-ге дейін жұмыс істеуге (тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде — жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);

18) 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап спорт кешендері, йога-орталықтарды қоса алғанда спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтарға «Ashyq» жасыл мәртебесі бар адамдарға ғана кіруді қамтамасыз етуді (сенбі, жексенбіден басқа);

19) 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап моншаларға «Ashyq» жасыл мәртебесі бар адамдарға ғана кіруді қамтамасыз етуді;

20) 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап сауналарға, бассейндерге «Ashyq» жобасымен жасыл статусы бар адамдарға ғана кіруді қамтамасыз етуді (жексенбіден басқа);

21) СПА-орталықтардың жұмысына (сенбі, жексенбіден басқа);

22) қала маңындағы жолаушылар поездарының қозғалысы мен жолаушылар поездарының қозғалысына (ортақ вагондарсыз);

23) СОО, сауда үйлерінің жұмысына (жексенбіден басқа);

24) балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысына толтырылуы 30%-дан артық емес болған кезде;

25) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне;

26) дәріханалар және азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер, дүкендер, шағын маркеттер жұмысына, орналасқан жеріне қарамастан, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыруға;

27) орналасқан жеріне қарамастан «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына;

28) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне. 

Ескерту. Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 2 қаулысымен 1-тармақ 28) тармақшамен толықтырылды (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Барлық деңгейдегі әкімдіктерге, Қызылорда облысының білім басқармасына, барлық меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша қамтамасыз ету:

1) 600 оқушыға дейінгі облыс және аудан орталықтарындағы мектептерді – дәстүрлі форматта оқытуды;

2) облыс орталығындағы 600 оқушыдан жоғары мектептер — қашықтан оқыту форматта оқытуды (ауылдық жерлердегі 600 оқушыдан жоғары мектептер — дәстүрлі форматта оқытуды), бұл ретте қашықтықтан оқыту форматтағы мектептер әкімшілігінің шешімімен 1-2 сыныптарды дәстүрлі форматта оқытуды; 

3) ЖОО-дары және колледждердің барлық студенттеріне — аралас форматта оқытуды (барлық дәрістер — қашықтықтан оқыту форматта, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинар сабақтары — дәстүрлі форматта оқытуды). 

Ескерту. Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 2 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Қызылорда қаласы және аудандардың әкімдіктері:

1) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылған мониторингтік топтардың қызметін күшейтуді;

2) құрылған мониторингтік топтармен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен енгізілген шектеу іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізуді.

4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мониторингтік топтардың анықталған кемшіліктері және (немесе) COVID-19 коронавирустық инфекциясының туындау не таралу қауіпі жағдайларында қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтағы басқармасына ақпарат (шұғыл хабарлама) берілуін қамтамасыз етуді.

5. Қызылорда облысының полиция департаменті учаскелік полициялар патрульдеу кезінде жеке секторда немесе мейрамхана, кафеде мерекелік, отбасылық т.б. шаралар жүргізіліп жатқан жағдайларды жедел монторигтік топтарға хабар беруді жүйелендіруді.

6. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктеріне:

1) коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары туралы әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін күшейтуді;

2) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді;

3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етуді.

7. Меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-дезинфекциялық ережемен, Алгоритммен қойылатын талаптарды сақтасын.

8. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюге міндетті.

9. Қала, аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.

10. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

11. Осы Қаулы 2022 жылдың «17» қантар 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

 

Қызылорда облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                             Д. Жанабергенова

№ 1 қаулының мәтінін осы сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

№ 2 қаулының мәтінін осы сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Qyzylorda 1 qauly 2022
Қаулы 2 Қызылорда 2022
Оцените статью
Qyzylorda.kz
Добавить комментарий

Verification: 839da0ea7fc8cca1