Базар жәрмеңкемен басекелесе алады ма?
Жылдағы әдетінен жаңылмай биыл да қала күні өз дәрежесінде атап өтілді. Екі күнге созылған мерекеде қала халқы көптеген игі істердің куәсі болды. Соның ішінде тұрғындардың көңілінен мейлінше шыққаны ауылшаруашылық өнімдерінің күзгі жәрмеңкесі еді. Бұл жәрмеңкеге қалаға қарасты 9 кент пен ауылдық округтер, кәсіпкерлер қатысып, арзан өнімдерін халыққа ұсынды. Continue reading






