Қызылорда аумақтық комендантының 14.01.2022 жылғы № 12 бұйрығы (күші жойылған)

«Төтенше жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» Қызылорда аумақтық комендантының 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығы

(Күші жойылды)

«Қызылорда қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 736 жарлығына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қызылорда облысының Полиция департаменті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі №66597 әскери бөлімі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері бірлесіп, Қызылорда қаласына және аудандарға кіру-шығу автомобильдік тасжолдарына қарулы блок-посттар және төтенше жағдай уақытында (сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін) адамдардың қоғамдық орындар мен көшеде жүруіне, оның құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер қойылсын.

2. Қызылорда облысының Полиция департаменті, Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облысының прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, Қызылорда облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі №66597 әскери бөлімі, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері:

2.1. қоғамдық тәртіптің сақталуын, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тыныс тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

2.2. жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, олардың заттарын, көлік құралдары тексерілсін;

2.3. Қызылорда облысына кіру және одан шығу шектелсін;

2.4. бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық, отбасылық және басқа бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;

2.5. ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;

2.6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі және психотроптық заттардың, прекурсорлардың ерекше режимі белгіленсін;

2.7. жеке-тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардың қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттары уақытша алынсын;

2.8. Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараттарының күзетілуі күшейтілген режимде қамтамасыз етілсін;

2.9. штаттық тәртіпте қоғамдық көліктердің жұмысын қамтамасыз етсін;

2.10. барлық меншік түрлеріндегі мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар), орта мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледж), қосымша білім беру ұйымдары (ерекше қажеттілігі бар балаларға қызмет көрсететін ұйымдар) жұмыстары бекіткен жұмыс кестесі негізінде штаттық режимде жалғастырсын.

3. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері бірлесіп, төтенше жағдай енгізілген кезеңінде жұмылдырылған құқық қорғау органдарының, Ұлттық Ұлан әскери, Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерін үш мезгіл ыстық тамақпен (таңғы, түскі, кешкі ас), жанар-жағар маймен (бензин, дизель) қамтамасыз етсін.

4. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесіп:

4.1. облыс көлемінде азық-түлік дүкендері, дәріханалардың жұмыс уақыты күнделікті сағат 21:00-ден 08:00-ге дейін тоқтатылсын;

4.2. облыс көлемінде кафебарлар, мейрамханалар, қоғамдық моншалар, сауналар алкоголь өнімдердің сатылуынсыз жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмысын жалғастырсын;

4.3. облыс көлемінде алкогольдік өнімдерінің сатылуына тыйым салынсын;

4.4. спорттық ұйымдар, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынсын;

4.5. облыс аумағында орналасқан барлық қару-жарақ және арнайы құралдарды сататын дүкендер жабылсын. Олардың есебіндегі қарулар Қызылорда облысының Полиция департаментінің қару-жарақ сақтау қоймасына тапсырылсын.

5. Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі әуежай, теміржол мен автовокзалдарға кіру шектелсін (жолда жүру билеті барлар, шығарып салушыларсыз және оларды сатып алуға келгендер ғана кіргізілсін).

6. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төтенше жағдай жөнінде, орналастырылған блок-посттар туралы және төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған қызметкерлердің жұмысының нәтижелерін түсіріп, жарияласын.

7. Бұйрықтың орындалуы барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға міндетті. Төтенше жағдай талаптарын бұзу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 401-бабында және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476, 478-баптарымен жауапкершілікке тартылатындығы ескертілсін.

8. Аумақтық коменданттың «Төтенше жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел штаб отырысы туралы» 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 7 және 2022 жылғы 10 қаңтардағы «Төтенше жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» № 7 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 10 бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.

9. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізілсін және орындалу мерзімі арнайы шешім қабылданғанға дейін күшінде сақталсын.

10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.

Аумақтық комендант Б. Сұлтан

Төтенше жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы Қызылорда
Оцените статью
Qyzylorda.kz
Добавить комментарий

Verification: 839da0ea7fc8cca1