Жалағашта аудандардың ішінде бірінші болып “Бизнеске арналған үкімет” құрылды

Бизнеске арнлаған үкімет

“Бизнеске арналған үкімет” ғимаратында “Атамекен” Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының филиалы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі және кәсіпкерлік саласына жауапты басқа да құрылымдар шоғырланған. Екінші деңгейлі банктерге филиалдарын отырғызуға ұсыныс жасалған. Ғимаратта қызмет көрсететін орындар, кездесулер өткізетін бөлімдер, семинарлар өткізетін мәжіліс залдары бар. Басты мақсат – кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру.

Бизнес супермаркеті бұрынғы теміржол вокза  лының ғимаратында орналасқан. “Қалауын тапса, қар жанады” демекші, ниет болса барлығын ауданда да жасауға болатынын Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов пен оның командасы дәлелдеп жатыр. Басқа аудандарға – үлгі. Бизнеске арналған үкіметтің қызметі ауданда кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Мекен-жайы: Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі, 55. Барлық сұрақтар бойынша 87243179199, 87051776267 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Бизнеске арналған үкімет Атамекен
Бизнеске арналған үкімет Правительство для бизнеса
Бизнеске арналған үкімет Жалағаш ауданы

 

Бизнеске арналған үкімет Жалағаш

Оцените статью
Qyzylorda.kz
Добавить комментарий

Verification: 839da0ea7fc8cca1