«Даму-Аймақтар» бұл қандай бағдарлама? Негізгі шарттары қандай? Оған кімдер қатыса алады?

Даму-аймақтарБағдарлама шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия және/немесе кепілдік құралын да пайдалануға мүмкіндік береді.
✅ Кімдер қатыса алады: кәсіпкерлік субъектілері
✅ Кімдер қатыса алмайды:
▪️ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі санатына жатпайтындар
▪️ моторлы көлік құралдарын жасаушыларды қоспағанда, акцизделетін тауар немесе өнім шығаруды және көтерме саудада өткізуді көздейтін кәсіпкерлер
▪️ ойын бизнесіндегілер
Бағдарлама шарттары:
✅ Ең жоғары сома – 750 млн.теңгеге дейін
✅ Пайызы – жылына 14%, субсидияның арқасында 6%-ға дейін түсіру мүмкіндігі бар
✅ Мерзімі: инвестициялық мақсатқа 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін
✅ Қалай алуға болады: кәсіпкер банке өтініш береді
🏦 Бағдарламаға қатысу үшін сұралатын қажетті құжаттар пакеті әр банктің ішкі несие саясатына байланысты. Банк бағдарлама аясында қаржыландыру туралы шешімді өзі қабылдайды.
📃Басымдық берілген салалар: экономиканың қаржы мен сақтандырудан өзге барлық салалары.
📞 Қосымша сұрақ болған жағдайда 1408, 8 (7242) 55 11 12 нөмірлеріне хабарласып немесе Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12 ғимарат мекен-жайы бойынша “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалына келіп менеджерлерден білуге болады.
Оцените статью
Qyzylorda.kz
Добавить комментарий

Verification: 839da0ea7fc8cca1