«Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулы

«Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Постановление Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан от 13 января 2022 года «О внедрении проекта «Ashyq»

  1. Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) моншалар, сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;

9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

12) бильярд клубтары;

13) концерт залдары;

14) ерікті қатысушылар;

15) караоке;

16) көрмелер;

17) океанариум;

18) марафондар;

19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

20) әуежайлар;

21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;

23) цирктер;

24) отельдер, қонақ үйлер;

25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;

26) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;

27) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық түлік емес) сауда желілері;

28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;

29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);

30) букмекерлік конторалар;

31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));

33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);

35) діни объектілер;

36) ойын клубтары (казино);

37) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;

38) түнгі клубтар;

39) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.

  1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары;

5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары;

6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

1) объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;

2) күн сайын Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл/сары» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісінің тіркелгені туралы алдыңғы күнгі мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:

1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді;

2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;

3) «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алу үшін жобаға қатысушылардың тізімін айқындауды;

4) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;

5) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты, «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімін әкімдіктердің сайтында орналастыруды;

6) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) беруді;

7) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді;

9) 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда (мысалы, eGov mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып кіруін;

10) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін;

11) QR-кодты өшіру үшін жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформасына уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін;

12) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай жұмыс режимін:

— «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;

— «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде – сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін;

— «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз етсін.

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.

Осы тармақта көзделген қауіпсіз «жасыл» мәртебе болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

13) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс және демалыс күндері қызметті жұмыс режимі бойынша шектеусіз жүзеге асыруын;

14) ВАК-тың шешімінің негізінде «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде қатаңдату бойынша қосымша шаралар қабылдауды;

15) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды;

16) QR-кодты сканерлеу бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:

1) осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының және Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;

2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды;

3) «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз және осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін;

4) ВАК-тың шешімі негізінде демалыс күнгі шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін.

  1. «Ashyq» жобасына қатысушылар:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;

2) өңір «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын;

3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.

  1. «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 56 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы 2022 жылғы 14 қаңтарда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік 
санитариялық дәрігері Е. Қиясов

Қаулының мәтінін осы сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

qauly Ashyq 2022
Оцените статью
Qyzylorda.kz
Добавить комментарий

Verification: 839da0ea7fc8cca1