Арал өңірінде күн электр станциясы салынады

Арал күн электр станциясы

2022 жылдың 10 қарашасында қуаттылығы 20 Мвт күн электрстанциясы жобасын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті. Аукцион қорытындысымен «Тесис» ЖШС қазақстандық компаниясы жеңімпаз болып анықталды. Жобаны Арал ауданында 50 га аумақта орналастыру жоспарлануда. Келісімшарт бойынша жобаны іске қосу мерзімі – 2024 жыл.

Географиялық орналасуы мен климаттық жағдайы арқасында Қызылорда облысының күн энергиясын өндіруде әлеуеті жоғары. Күн сәулесінің ұзақтығы жылына 2000-3000 сағатты құрайды.

Бұл артықшылықты ескере отырып, өңірде аталған энергия көзін пайдалануға айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні Қызылорда облысында жиынтық қуаты 89 Мвт-ты құрайтын 9 күн электр станциясы жұмыс жасауда.

«Күн электр станциясының құрылысы өңірге инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға, электр энергиясы тапшылығының бір бөлігін жабуға, сондай-ақ атмосфераға шығарылатын CO2 шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді» — деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның өңірлік директоры Мұрат Балабаев.

Еліміз өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін 2030 жылы 10%-ға дейін, ал 2050 жылға қарай баламалы электр энергиясымен 50%-ға дейін жеткізу туралы өршіл міндет қойды. Бұл жоспарды орындау мақсатында озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, ЖЭК-тің ең тиімді жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігі енгізілді.

Қазіргі таңда республикада жиынтық қуаты 2388 МВт болатын ЖЭК-тің 130 нысаны жұмыс істеп тұр. Биылғы жылдың 9 айында ЖЭК объектілерімен өндірілген электр энергиясының көлемі 3,9 млрд кВт-сағатты құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артқан. Сонымен ЖЭК-тің үлесіне елімізде өндірілген барлық электр энергияның 4,6% келіп тұр.

Байқап отырғанымыздай, соңғы 5 жылда ЖЭК объектілерінің орнатылған қуаты 7 есе (2017 жылы 341 Мвт), ал ЖЭК-тің үлесі 4 есе (2017 жылы 1,1%) өскен.

ЖЭК жобалары инвестициялық преференциялар беру қаралған қызметтің басым түрлерінің тізбесі кіреді. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы «жасыл» энергетика бойынша жобаларды іске асырушы инвесторларға оқыту вебинарларын ұйымдастыру арқылы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға, инвестициялық келісімшарт жасасуға және жобаларды сүйемелдеуге қолдау көрсетуде.

Оцените статью
Qyzylorda.kz
Добавить комментарий

Verification: 839da0ea7fc8cca1