«Қызылорда облысы бойынша карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы»
Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 31 қазандағы № 25 қаулысы
1. Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 26 қаулысы;
2. Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 27 қаулысы;
3. Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 28 қаулысы;
4. Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 29 қаулысындағы өзгерістер мен толықтырулар ескерілген.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Барлық деңгейдегі әкімдіктерге, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «КТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы филиалының «ГП Қызылордалық бөлімшесіне», құқық қорғау мен арнайы органдарға тыйым салуды жалғастыруды:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге;
Постановление Главного государственного санитарного врача Кызылординской области Республики Казахстан от 31 октября 2020 года № 25 “Об ограничительных, в том числе карантинных мерах по Кызылординской области” с изменениями и дополнениями
2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің 110-бабының 5-тармағына сәйкес кальянды пайдалануға;
3) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне;
5) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;
6) фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне;
7) қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне;
8) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
9) спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына;
10) жинау пункттерінде жедел әскерге шақырылатын адамдарды және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерді, сонымен қатар оларды сүйемелдеуші әскери бөлімнің өкілдерін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерулерді жүргізуді;
11) кәсіби қажеттілікке байланысты Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармаларының, «ҰСО» облыстық филиалдың, аудандық бөлімшелердің мамандарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерулерді жүргізуді;
Ескерту. 10) және 11) тармақшалармен толықтырылды – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 27 қаулысымен (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
12) 2020 жылдың 26 желтоқсанынан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелер мен кеңселерде ұжымдармен ұйымдастырылатын жаңа жылдық іс-шараларды (корпоративтер), көпшілік жиналатын орындарда (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) жаңа жылдық театрландырылған көпшілік қойылымдарды, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтеріне (соның ішінде үйге шақырылуар), шоу-бағдарламаларды, концерттерді және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге.
Ескерту. 12) тармақшамен толықтырылды – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 29 қаулысымен (2020 жылдың 26 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі).
- Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысының талаптарына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жалғастырылсын:
1) қала маңындағы жолаушылар поездарының қозғалысы;
2) жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмауды қамтамасыз етсін;
3) алып тасталды – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 26 қаулысымен (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
4) мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, музейлердің қызметі;
5) театрлардың қызметі, залды 50%-ға дейін толтырып, бірақ залда 100 адамнан асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтап;
Ескерту. 5) тармақша жаңа редакцияда – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 26 қаулысымен (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
6) 30%-дан асырмай толтыруды және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметі;
7) сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілері, азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 ш.м. есебінен толтырылуын 30%-тен асырмай, рекреация және демалыс аймақтарында сатып алушылардың болуына жол бермей және балалар ойын алаңдары, ойын орталықтарының және атракциондарының жұмысына қатаң тыйым салумен, жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін және жексенбі мен мереке күндері жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін белгіленсін. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық, маска режимдерін қатаң сақтай отырып, фудкорттардың жұмысы тек тамақты жеткізу қағидасымен жүргізілсін;
Ескерту. 7) тармақша жаңа редакцияда – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 28 қаулысымен (2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді);
8) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішін 50%-ке дейін толтыруды, бірақ 50-ден аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтай отырып, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыруды сақтай отырып, караоке, би алаңдарының, бар жұмысына қатаң тыйым сала отырып, күйшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін белгіленсін. Осы тармақта белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салумен, авто-экспресстің және тамақты жеткізудің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыруды;
Ескерту. 8) тармақша жаңа редакцияда – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 28 қаулысымен (2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді);
9) Уақытша қағидаларға сәйкес тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі;
10) ұжымдық іс-шаралар өткізбей, сауда-ойын-сауық орталықтарында (жекелеген үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі;
11) көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп-оралған түрде өткізу;
12) сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа ауысымында және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) қызмет көрсету;
13) топты 10 адамнан асырмай жинақтаған, алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметі;
14) топты 15 адамнан асырмай, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметі;
15) алып тасталды – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 26 қаулысымен (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
16) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі;
17)»Балдәурен»республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек»Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметі;
18) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін бір келушіге кемінде 4 ш. м. қамтамасыз етіп, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметі;
19) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін толықтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш. м. қамтамасыз етіп, моншалардың, сауналардың қызметі;
20) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50% — дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш. м. қамтамасыз етіп, фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі;
21) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін бір адамға су айнасының 5 ш. м. есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметі;
22) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметі;
23) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай);
24) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулары (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру);
25) сағат 6.00 ден 22.00-ге дейін әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруы;
26) сағат 6.00 ден 23.00-ге дейін қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сәтте автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орындар саны бойынша толықтырылуы);
27) жеке автокөліктің өңірлер арасында жүруі;
28) бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысы;
29) жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыру;
30) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметі;
31) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда);
32) аймақтарға бөлу талаптарына сәйкес, медициналық орталықтардың қызметі (жазылу бойынша);
33) туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қызметі толықтыруды 80%-дан асырмай;
34) үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы;
35) халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар) қызметі;
36) Алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беру (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
37) әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жерүсті жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды және адамдар көп жиналатын объектілерде, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салалары (сұлулық салондары, ателье және басқалары) объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету) сақтауды;
38) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінің жұмысы;
39) өнеркәсіптік кәсіпорындардағы және өндірістік объектілері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілер жұмысы;
40) өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындардың, құрылыс компаниялардың (құрылыс салушылар) жұмысы;
41) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.
Теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.
3. Қайта бастауды қамтамасыз етсін:
1) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын;
2) алып тасталды – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 28 қаулысымен (2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді);
3) кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуын 30%-дан асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып) жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін және жексенбі мен мереке күндері жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін белгілеуді;
Ескерту. 3) тармақша жаңа редакцияда – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 28 қаулысымен (2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді);
4) 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап:
— контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
— ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан 5 сынып бойынша, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарды оқытуды;
5) ҚР БМСД № 57 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, санитариялық-дезинфекциялық режимі күшейтілген залды 30%-ға дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай, діни объектілерде, жұма намазын қоспағанда, мешіттерде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуді жүргізуді.
Ескерту. 4) және 5) тармақшалармен толықтырылды – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 26 қаулысымен (қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
- алып тасталды – Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 28 қаулысымен (2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді);
- Қызылорда облысының полиция департаментіне карантиндік шаралар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қалалар, аудандар орталықтары мен елді мекендерде патрульдеуді жалғастыруды.
- Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және қала, аудан әкімдіктеріне коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары, оның ішінде карантин туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы және т.б. арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді.
- «Қазпочта» акционерлік қоғамы әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір рет қолданылатын қолғаптар мен медициналық немесе мата маскада қызмет көрсетуін, почта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) жанасумен байланысты жұмысты жеке қорғаныш құралдарымен (халат, медициналық немесе мата маска, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.
- Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша далада, ғимаратта, қоғамдық көлікте және таксилерде бетперде киюге міндетті.
- Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері нысандардың Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық режимдер Алгоритмдері талаптарына сәйкестігін мониторингілеу жүргізуді. Мониторингтік топпен бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шаралар қабылдауды.
- Меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген санитариялық – эпидемиологиялық және санитариялық-дезинфекциялық ереже Алгоритм талаптарын қатаң сақтасын.
- 11. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі «Қызылорда облысы бойынша шектеу шараларды, оның ішінде карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» №24 қаулысының күші жойылсын.
- Осы Қаулы 1, 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
- Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы Қаулы 2020 жылдың «02» қараша 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Абдикаимова
Қызылорда облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 31 қазандағы
№ 25 қаулысына
1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау
Қызмет түрлері | Объектілерге қойылатын талаптар | Объектіні іске қосу сипаты | Ескертпе |
Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік сектор органдарының, бизнес-орталықтары және басқа да кеңселер | Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысына (бұдан әрі – № 57 БМСДҚ) 1-қосымша | Хабарлама | |
Өнімнің бөлшек сауда орындары, үйдің жанындағы дүкендер | № 57 БМСДҚ-ға 5-қосымша |
Хабарлама | |
Тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату объектілері (азық-түлік базарлары)азық-түлік қоймалары | № 57 БМСДҚ-ға
5-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Көтерме және бөлшек сауда объектілері (азық-түлік емес базарлары) | №457 БМСДҚ-ға
5-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем болатын болек тұрған дүкендер, сауда желілері | № 57 БМСДҚ-ға
5-қосымша |
Хабарлама | |
Сауда алаңы 2000 және одан артық шаршы метр болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері | № 57 БМСДҚ-ға
5-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт
|
Бару арқылы |
Сауда алаңы 2000 және одан артық болатын сауда ойын-сауық кешендері (орталықтары) | № 57 БМСДҚ-ға 5-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Онлайн сауда объектілері (интернет дүкендер, курьерлік қызметтер және т. б.) | № 57 БМСДҚ-ға 1 және 5-қосымшалар |
Хабарлама | |
Автосалондар, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендері және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) шиномонтаж) станциялары | № 57 БМСДҚ-ға 6-қосымша |
Хабарлама | |
Қызмет көрсету саласы объектілері (сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) | № 57 БМСДҚ-ға 7-қосымша |
Хабарлама | |
Фитнесқызметін көрсету бойынша объектілер, спорт кешендері | № 57 БМСДҚ-ға 8-қосымша |
Хабарлама | |
Халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызметтер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілер және өзге де объектілер | № 57 БМСДҚ-ға 10-қосымша |
Хабарлама | |
Халыққа тұру бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақүйлер, отельдер) | № 57 БМСДҚ-ға 11-қосымша |
Хабарлама | |
Әуежайлардың және теміржол вокзалдарының қызметі | № 57 БМСДҚ-ға 12-қосымша |
Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы,оның ішінде ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің қызметі | № 57 БМСДҚ-ға 13-қосымша |
Хабарлама | |
Мектепке дейінгі балалар ұйымдары | № 57 БМСДҚ-ға 14-қосымша |
Хабарлама | |
Қоғамдық көлік | № 57 БМСДҚ-ға 15-қосымша |
Хабарлама | |
Жолаушыларға арналмаған жүк тасымалы, көліктік-экспедиторлық тасымалдау | № 57 БМСДҚ-ға 1 және 25-қосымша |
Хабарлама | |
СПА, массаж салондардың, моншалардың, сауналардың қызметі | № 57 БМСДҚ-ға 16-қосымша |
Хабарлама | |
Санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері, туристік базалар | № 57 БМСДҚ-ға 17-қосымша |
Хабарлама | |
Білім беру, түзету орталықтарының қызметі | № 57 БМСДҚ-ға 19-қосымша |
Хабарлама | |
Тамақ өнеркәсібі объектілері | № 57 БМСДҚ-ға 25-қосымша |
Хабарлама | |
Қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру объектілеріндегі тамақтануды қоспағанда) | № 57 БМСДҚ-ға 21-қосымша |
Хабарлама | |
Ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда) | № 57 БМСДҚ-ға 21-қосымша |
Хабарлама | |
Тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдары | № 57 БМСДҚ-ға 22-қосымша |
Хабарлама | |
Пенитенциарлық (қылмыстық атқару) жүйедегі мекемелер | № 57 БМСДҚ-ға 24-қосымша | Объектінің сәйкестігі туралы акт | Бару арқылы |
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілер, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер | № 57 БМСДҚ-ға 25-қосымша |
Хабарлама | |
Медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары) | № 57 БМСДҚ-ға 26-қосымша |
Хабарлама | |
Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар) | № 57 БМСДҚ-ға 28-қосымша |
Хабарлама | |
Автожанармай құю станциялары және ЖЖМ көтерме сату | № 57 БМСДҚ-ға 1 және 5-қосымшалар |
Хабарлама | |
Ғимараттарға қызмет көрсету объектілері (лифт, күзет қызметтері, ғимараттарға қызмет көрсету ұйымдары және т. б.) | № 57 БМСДҚ-ға 1-қосымша |
Хабарлама | |
Коммуналдық шаруашылық объектілері | № 57 БМСДҚ-ға 25-қосымша |
Хабарлама | |
Денсаулық сақтау объектілері (стоматологиялық клиникаларды қоспағанда) | № 57 БМСДҚ-ға 2, 31 және 34-қосымшалар |
Хабарлама | |
Стоматологиялық клиникалар | № 57 БМСДҚ-ға 29-қосымша |
Хабарлама | |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер (дәріханалар, фармацевтикалық компаниялар) | № 57 БМСДҚ-ға 5-қосымша |
Хабарлама | |
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер (фармацевтикалық өндірістер) | № 57 БМСДҚ-ға 25-қосымша |
Хабарлама | |
Экскурсиялық қызметті жүзеге асыратын объектілердің кеңселері (туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсиялар ұйымдастыру) | № 57 БМСДҚ-ға 1-қосымша |
Хабарлама | |
Ашық ауадағы аттракциондар | № 57 БМСДҚ-ға 1-қосымша (II бөлім) |
Хабарлама | |
Қаржы нарығы объектілері | № 57 БМСДҚ-ға 1-қосымша |
Хабарлама | |
Мәдениет объектілері (30 адамға дейін жеке және топтық дайындықтар) | № 57 БМСДҚ-ға 9-қосымша |
Хабарлама | |
Фитнес қызметін көрсететін объектілер (бір келушіге кемінде 5 ш.м. қамтамасыз ете отырып, алдын ала жазылу бойынша), спорт кешендері (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу) | № 57 БМСДҚ-ға 8-қосымша |
Хабарлама | |
Діни объектілер | № 57 БМСДҚ-ға 20-қосымша |
Хабарлама | |
Бассейндер (бір адамға су бетінің 5 ш.м. есебінен) | № 57 БМСДҚ-ға 16-қосымша |
Хабарлама | |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және өзгелері) | № 57 БМСДҚ-ға 38-қосымша |
Хабарлама |
Қызылорда облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 31 қазандағы
№ 25 қаулысына
2-қосымша
2020 жылғы «_____»_________ объектінің дайындығын бағалау акті
Біз, мониторинг тобы құрамында:
- _________________________________________________________________________
- _________________________________________________________________________
- _________________________________________________________________________
- _________________________________________________________________________
- _________________________________________________________________________
((мамандардың Т. А. Ә. және лауазымын көрсету)
бағалау объектінің дайындығы ___________________________аумағында карантин кезеңінде қызметті жүзеге асыруға ____________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________,
2020 жылғы «___»__________2020 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысыныңсондай-ақ ______________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.
Объект карантин кезеңінде қызметті қайта бастауға дайын (дайын емес) (қажеттісінің астын сызу) анықталды:
Анықталған бұзушылықтар ________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қол қою:
1.________________
2.________________
3.________________
4.________________
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде сайтта орналастырылған COVID-19 бойынша карантинді енгізу кезеңінде объектінің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен infokazakhstan.kz таныстым және орындауға міндеттенемін ___________________ (басшының Т. А. Ә. және қолы)
Қызылорда облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 31 қазандағы
№ 25 қаулысына
3-қосымша
Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу алгоритмі
Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу кезіндеCOVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мынадай шаралардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:
- Үй-жайларда ауаны желдету/ауа баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі.
- Ғимаратқа кіреберісте барлық кіретін адамдарға байланыссыз термометрия жүргізу, холлдарда антисептикалық құралы бар санитайзерлер орнату және кеңестерге (отырыстарға) қатысушылардың қолды антисептикалық құралдармен өңдеуін бақылау.
- Кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларды залда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу.
- Көзбе-көз кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесінің болуы;
2) кеңес (отырыс) өткізілетін үй-жайда болған барлық кезең ішінде респираторлық үлгідегі медициналық масканы пайдалану;
3) әлеуметтік қашықтықты сақтау;
4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да нысандарын болдырмау.
- Сөз сөйлеу ұзақтығы 30 минуттан артық болғанда және қатысушылардың бірінші қатарынан кемінде 3 метр қашықтықта болғанда спикерлерге қорғау құралдарын пайдаланбай сөйлеуге жол беріледі.