Кепіл мүлкі жетпейді ма? Онда кепілдендіру тетігін пайдалана аласыз

кепілдендіруБизнес ашқан немесе бизнесін дамытам деген кәсіпкердің несие үшін банке келуі қалыпты жағдай. Әдетте айналым қаражатын толықтыру немесе инвестиция, қайта қаржыландыру керек болған кезде тығырықтан осы құрал шығарады. Ал көздеген сома түгел қолға тию үшін ең алдымен несие құнына татитын кепілдік ұсыну керек.
Несие сұрап барған кезде банк талап еткен кепілдікті түгел ұсына алмасаңыз – «Даму» қорының кепілдендіру тетігіне жүгініңіз. Қор кепіл сомасының бір бөлігіне кепілдік береді. Бүгін «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламаның екінші бағыты аясындағы кепілдік шарттарын қарастырайық.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының екінші бағыты аясында:
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін:
  • Ең жоғары сомасы: 360 млн.теңгеге дейін
  • Кепілдік көлемі: несие сомасының 85 %-ына дейін⠀
Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін:
  • Ең жоғары сомасы: 1 млрд теңгеге дейін
  • Кепілдік көлемі: несие сомасының 50 %-ына дейін
  • Кепілдіктер несие мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі

    Салалық шектеу жоқ.

📞 Қосымша сұрақ болған жағдайда 1408, 8 (7242) 55 11 12 нөмірлеріне хабарласып немесе Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12 ғимарат мекен-жайы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалына келіп менеджерлерден білуге болады.
Оцените статью
Qyzylorda.kz
Добавить комментарий

Verification: 839da0ea7fc8cca1