Бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия және/немесе кепілдік құралын да пайдалануға мүмкіндік береді.
Кімдер қатыса алады: кәсіпкерлік субъектілері
Кімдер қатыса алмайды:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі санатына жатпайтындар
моторлы көлік құралдарын жасаушыларды қоспағанда, акцизделетін тауар немесе өнім шығаруды және көтерме саудада өткізуді көздейтін кәсіпкерлер
ойын бизнесіндегілер
Бағдарлама шарттары:
Ең жоғары сома – 750 млн.теңгеге дейін
Пайызы – жылына 14%, субсидияның арқасында 6%-ға дейін түсіру мүмкіндігі бар
Мерзімі: инвестициялық мақсатқа 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін
Қалай алуға болады: кәсіпкер банке өтініш береді
Бағдарламаға қатысу үшін сұралатын қажетті құжаттар пакеті әр банктің ішкі несие саясатына байланысты. Банк бағдарлама аясында қаржыландыру туралы шешімді өзі қабылдайды.
Басымдық берілген салалар: экономиканың қаржы мен сақтандырудан өзге барлық салалары.
⠀
Қосымша сұрақ болған жағдайда 1408, 8 (7242) 55 11 12 нөмірлеріне хабарласып немесе Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 12 ғимарат мекен-жайы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалына келіп менеджерлерден білуге болады.